Текст
20 қазанда гуманитарлық цикл пәндерінің онкүндігін өткізу аясында 6-9 сынып оқушылары және "Атбасар қаласы 2-ші мектеп" КММ үйде оқыту оқушылары Ілияс Есенберлин атындағы орталық аудандық кітапханаға барды. Кітапхана қызметкерлері экскурсия өткізіп, биылғы жылдың айтулы күндері туралы айтып берді. Экскурсия балаларға үлкен әсер қалдырды. Балалар кітапханадан кеткісі келмеді және олар кітапханаға ата-аналарымен бірге келуге уәде берді. Кітапханаға бару бәріне өте ұнады. Балаларды кітап мәдениетімен таныстыру, Білімді, сауатты адамды тәрбиелеу өте маңызды.
Кітапхана қызметкерлері балаларға сыйлықтар тарту етті.
Өткізді: Гуманитарлық цикл ӘБ.