Текст
28 қараша күні, Атбасар қаласының №2 арнайы мектеп-интернатында оқу орнының 50 жылдық мерейтойына арналған «Жарты ғасырлық ерекше балалық шақ. Тәжірибе, дәстүр, инновация» атты білім беру-практикалық кездесуі өтті.
Мерекелік шара педагогтарды, тәрбиеленушілерді, түлектер мен құрметті қонақтарды біріктіріп, мектеп тарихындағы елеулі оқиғаға айналды. Жылы да салтанатты атмосферада қатысушылар мектептің маңызды кезеңдерін еске алып, тәжірибелерімен, жетістіктері мен жаңа идеяларымен бөлісті.