13 ақпанда 6 «А» және 9 «Б» сыныптарында интернационалист-жауынгерлерді еске алу және даңқ күніне арналған «Мәңгі есте» атты сынып сағаты өтті.
Іс-шараның мақсаты: интернационалист-жауынгерлердің жеке ерліктері арқылы оқушыларды азаматтық пен отансүйгіштікке, борыш сезіміне, жауапкершілікке, батылдыққа тәрбиелеу; өткен ғасыр тарихына қызығушылықты дамыту; аға ұрпаққа құрметпен қарауға тәрбиелеу; оқушылардың ой-өрісін кеңейту; оқушылардың интернационалист-жауынгерлердің поэтикалық-әндік мұрасымен рухани байыту.
Бұл күні оқушылар Ауған соғысы және осы соғыстың зардаптары туралы көп мағлұмат алды, өздері дайындап, жауынгерлердің ерліктері мен марапаттары туралы баяндамалар жасады.
Әңгімелер презентацияларды тамашалаумен ұласып, интернационалист-жауынгерлердің фотосуреттері қойылған фото-көрмесі дайындалды.
Олай болса, бұл сынып сағаты өз Отанына деген патриоттық, мақтаныш сезімін қалыптастыруға, Ауған соғысы туралы, оған қатысушылар туралы, туған жерден соғысқа қатысқан батырлар туралы білім алуға ықпал етті.