Ақмола облысы білім басқармасының "Атбасар қаласы, №2 арнайы мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Специальная школа - интернат №2  г.Атбасар"управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Оқушылардың жыныстық тәрбиесі жас ұрпақтың репродуктивті денсаулығының кепілі".

02.02.2024

             2024 жылғы 01 ақпанда арнайы мектеп-интернатта "Оқушылардың жыныстық тәрбиесі жас ұрпақтың репродуктивті денсаулығының кепілі" атты тақырыпта жоғары сынып оқушыларымен әңгімелесу өтті. Жыныстық тәрбиенің негізгі мақсаты-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін жеткілікті түрде білуге және сезінуге, өмірдің барлық салаларында өзінің және қарама-қарсы жыныстағы адамдармен оңтайлы қарым-қатынас орнатуға қабілетті әйел мен ер адамның біртұтас тұлғасын тәрбиелеу. Жоғары сынып тәрбиешілері В. В. Шалапова, О. В. Курбангулова әңгімелесу өткізді. Сондай-ақ аудандық аурухананың психологы Г.С. Жақсалықова өз сөзінде қыздарға жыныстық жетілу кезіндегі жас және физикалық өзгерістер туралы, ұлдар мен қыздар арасындағы қарым-қатынас туралы, ерте интимдік байланыстар мен ерте жүктіліктің салдары туралы, жыныстық қол сұғылмаушылықтың жауапкершілігі туралы айтып, өзін-өзі дұрыс күту туралы айтып берді. Өмірлік жағдайлардан мысалдар келтіріп, қыздарды қызықтыратын сұрақтарға жауап берді. Соңында өз тарапынан жақсы тілек білдіріп, сөзің аяқтады.         М.Сагындыкова

Просмотров: 192


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст