Тақырыбы: «Өзіне мамандықты таңда»
2020 жылдың 2 сәуір күні 9 «А» мен 9 «Б» мектеп бітірушіші сынып жетекшілері: Джумагатова А.Б., Курмангожина Д.Б. онлайн режимінде «Өзіне мамандық таңда» тақырыбы бойынша сынып сағатын өткізді.
Сынып сағаттың мақсаттары:
Оқушылардың мамандықтар туралы түсініктерін кеңейту, мамандық әлемінде өзіне лайықты мамандық таңдауға үйрету.
Оқушылардың мамандық туралы түсініктерін түзету; ой-өрісін, ойлауын, зейінін дамыту.
Оқушыларға бірлескен іс- әрекеттің құндылығын түсінуге көмектесу.
Сынып сағат «Өзіне мамандық таңда» тақырыбы бойынша 9 сынып жетекшілерімен бірлесіп, қарым қатынас сағаты түрінде өткізілінді, әр түрлі әдістер мен тәсілдер қолданды: жұмбақтар, мақалдар, сөзжұмбақ, дидактикалық ойындар, тапсырмалар, өлеңдер оқу, презентация және т.б.
Сынып сағаттың барысы презентациямен сүйемеленді, сонымен қатар, мектептің әлеуметтік педагогы Клевцова О.С. кітапшалар ұсынды.
«Мамандықты тап» дидактикалық ойын, «Сөйлемді аяқта» тапсырма, «Мақалды аяқта» тапсырмалар арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамуына ықпал етті.
Сынып жетекшілер: Курмангожина Д.Б., Джумагатова А.Б.