Текст
2 сәуірде 2 «А» сынып жетекшісі Смагулова Ж.Ж. Біздің мектепте қашықтықтан оқыту қалай ұйымдастырылады деген тақырыпта ата-аналар мен мұғалімдердің онлайн-кездесуі өтті. Кездесудің мақсаты: қашықтықтан оқытуды ұйымдастырумен ата-аналарды таныстыру. Қашықтан оқыту - білім беру кеңістігін ұйымдастырудың формасы, онда білім беру процесіне қатысушылар арасында ақпараттық телекоммуникациялық технологиялар көмегімен қашықтықтан байланыс орнатылады. Қашық режимде сабақ өткізу формалары талқыланды. Қашықтықтан оқыту формасы білім беру және ақпараттық ресурстарды пайдалану мүмкіндігін кеңейтеді.