Ақмола облысы білім басқармасының "Атбасар қаласы, №2 арнайы мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Специальная школа - интернат №2  г.Атбасар"управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қашықтықтан гуманитарлық пәндердің ӘБ онлайн-отырысы

30.03.2020

30 наурыз күні «Атбасар қаласы, №2 арнайы мектеп-интернаты» КММ-нде қашықтықтан гуманитарлық пәндердің ӘБ онлайн-отырысы өтті.

Тақырыбы: «Арнайы мектеп жағдайындағы білім беру үдерісінде денсаулық сақтау технологияларын пайдаланудың тиімділігі». Денсаулық сақтау білім беру үдерісіндегі ең маңызды фактор болып табылады. Денсаулық сақтау технологиясы денсаулықты қорғауға, өз денсаулығына деген құнды қарым-қатынасын қалыптастыруға бағытталған педагогикалық, психологиялық және медициналық ықпалдардың бірлігін көздейді. Онлайн-отырыста осы мәселелер бойынша бірнеше баяндама жасалды. Мұғалімдер тек өзекті сұрақтарға тоқталып, қысқаша айтып берді.

Ағылшын мұғалімі Курмангожина Д.Б «Арнайы мектептегі сабақтарда денсаулық сақтау технологияларын жүзеге асыру» тақырыбында баяндама оқып, өзінің жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Қазақ тілінің мұғалімі Джумагатова А.Б. «Қазақ тілі сабақтарындағы денсаулық сақтау технологиялары» тақырыбында баяндама жасады.

Қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Байдельдинова Ж.С. көзді қорғау мақсатында «Гуманитарлық пәндердің сабақтарында көзді қорғау үшін дәрігер В.Ф. Базарныйдың әдісін пайдалану» атты хабарлама жасады. Қорыта келгенде, денсаулық сақтаушы жағымды орта құру үшін, білім беру үдерісінде денсаулық сақтау технологияларын үнемі жүзеге асырып отыру керек. Бұл – қозғалыс; сергіту сәттері; саусақ гимнастикасы; тыныс алу гимнастикасы; жылжымалы ойындар; массаж; сауықтыру тренингтары; санитарлық-гигиеналық талаптарды орындау; жеке және қоғамдық гигиенаны сақтау; көзді қорғау. Онлайн-отырыстың соңында IV тоқсанда оқушылармен қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың жолдары қарастырылып, талқыланды.

ӘБ жетекшісі: Орумбаева С.Қ

http://sc0040.atbasar.aqmoedu.gov.kz/arc/attach/204/503228/1d514b66_d2f1_439f_9e5e_a007e9329601.jpghttp://sc0040.atbasar.aqmoedu.gov.kz/arc/attach/204/503228/7647646f_c360_4853_96c8_8b0bb4d391af.jpghttp://sc0040.atbasar.aqmoedu.gov.kz/arc/attach/204/503228/5161b4aa_c398_48f6_a81f_32ef891d0dd8.jpghttp://sc0040.atbasar.aqmoedu.gov.kz/arc/attach/204/503228/5dc5c3c7_390d_4137_913a_d6fd96c6ed84.jpghttp://sc0040.atbasar.aqmoedu.gov.kz/arc/attach/204/503228/ef101777_94a0_47ba_a1b6_076a93fd6ca8.jpghttp://sc0040.atbasar.aqmoedu.gov.kz/arc/attach/204/503228/8254d2ac_3ca7_4267_9951_7579fcf374c1.jpg

Просмотров: 238


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст