Көптеген ата-аналар өз балаларына қазақ тілін үйреткісі келеді, алайда оларда «Қалай үйрету керек?» деген сұрақ пайда болады. Оның бірнеше әдісі бар. Соның бірі: жаңа сөздерді үйрету.
Жаңа сөздерді қалай үйретуге болады?
Бүгінгі таңда карточкалар мен суреттер балалар үшін дидактикалық оқу құралының ажырамас бөлігі болып табылады. Баланың дамуы мен тәрбиесі көрнекі бейнелер арқылы қалыптасады. Карточкалар – жеңіл, әрі тиімді. Дүкеннен дайын карточкаларды сатып алуға болады немесе үй жағдайында түрлі-түсті қатырма қағаздан үлкен емес, бірдей карточкаларды қиып, жасауға болады. Карточканың бір жағына қазақша сөзді жазасыз, екінші жағына сол сөздің аудармасын жазасыз. Аударманың орнына суретін жапсырсаңыз, тіпті жақсы болады. Мысалы: Текше - кубик. Карточкаларды балалармен бірге жасаған жөн. Карточкаларды арнайы конверттерде сақтау керек, ал конверттің үстіне тақырыптарды жазу керек. Мысалы: «Отбасы» - «Семья», «Түстер» - «Цвета», «Сандар» - «Цифры», «Киімдер» - «Одежда», «Аңдар» - «Дикие животные», «Үй жануарлары» - «Домашние животные» және т.т. Қолыңыз бос болған кезде балалармен бірге үнемі осы карточкалармен ойнаңыз. Сонда бала жаңа сөздерді жақсы есте сақтайды. Сәттілік.