АО ББ "Атбасар қ., 2 арнайы мектеп-интернаты" КММ-нде 1 қыркүйек - Білім күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Кітаптардың, гүлдердің, достардың, шаттықтың, жарықтың мерекесі! Жаңа оқу жылын бастау үшін мектебіміздің есігі тағы да айқара ашылды!Дәстүр бойынша мектебімізде 1 қыркүйек - Білім күніне арналған салтанатты жиын өтеді. Біз оқушыларымызды ерекше жылы лебізбен, қобалжумен қарсы алдық, ал олар бізді өздерінің жылы жүздерімен, өлеңдерімен, әндерімен қуантты. Салтанатты іс-шарада мемлекеттік әнұран орындалды.
Оқушыларымызға, ата-аналарымызға, ұстаздарымызға тек 1 қыркүйек қана емес, мектептегі барлық күндер қуанышқа толы болсын дегіміз келеді. Жаңа оқу жылы баршаға жемісті және білімге, жаңалықтарға, шығармашылыққа және жетістіктерге бай болсын!