2020 жылдың 17 ақпан күні, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 5 «б» сыныбында «Менің тәуелсіз Қазақстаным» бөлімі бойынша нәтиже сабақ өткізілді. Сабақтың оқу мақсаттары:
А5 – берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу;
А6 – тірек сөздерді дұрыс қолданып, иллюстрацияларды сипаттау;
Ж1 – ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолдана отырып, хабарлама, хабарландыру, хат жазу.
Оқушылар «Менің тәуелсіз Қазақстаным» тақырыбында берілген сұрақтарға жауап берді, мәтінмен жұмыс жасай білді. «Тәуелсіздік - тірегім» деген тақырыпта өтетін мерекелік концертке хабарландыру жасады. «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңге» тақырыбында берілген суреттерді пайдаланып, диалог құрастырды. Қалқаман Сариннің «Тәуелсіздік» өлеңі бойынша «тәуелсіздік» сөзіне диаграмма құрды.
Сабақ соңында Моорг Вероника «Отан» атты өлеңді оқып берді.
Сабақ өз деңгейінде өтті.
Қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі: Орумбаева С.Қ.