Ақмола облысы білім басқармасының "Атбасар қаласы, №2 арнайы мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Специальная школа - интернат №2  г.Атбасар"управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сынып сағаты: ,,Ұрпақтар жүрегіндегі естелік".

03.05.2023

2 мамыр күні 8-9 сыныптарда ,,Ұрпақтар жүрегіндегі естелік", Ұлы Жеңіс Күніне арналған сынып сағаты өтті. 
Мақсаттары: 
Отансүйгіштік сезімін, өз еліне деген мақтаныш сезімін ояту, даңқты Отанының тарихи әскери жолын құрметтеуге тәрбиелеу.
Оқушылардың Ұлы Отан соғысы, азат етуші халықтың ерлігі туралы білімдерін тереңдету.
Аға ұрпақ өкілдеріне, ардагерлерге құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Елінің мемлекеттік мүддесін қорғауға қабілетті азамат, өз Отанының патриоты тұлғасын тәрбиелеу. 
9 мамыр – жарқын да, қуанышты мереке. Қаһарлы шайқаста елді қорғаған жауынгерлерімізді, қорғаушыларымызды ризашылықпен еске аламыз. Барша қорғаушыларымызға, бүгінгі ардагерлерге және арамызда  қалмаған батырларға  бейбіт, ашық аспан астында өмір сүріп жатқанымыз үшін қарыздармыз. Сынып сағатымыз жаумен шайқаста қаза тапқан есімдері бізге белгілі жауынгерлер мен белгісіз батырларға арналады. 8-9 сыныптардың сынып жетекшілері

Просмотров: 158


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст