Текст
5 сәуір күні 7-сыныпта «СТД-120м токарлық станоктың құрылғысы» тақырыбында еңбекке баулудан ашық сабақ өтті.
Ағаш токарлық станоктардың тарихы көне замандардан басталады.Олардан ыдыс-аяқ, үстел бөлшектері, орындықтар және басқа да тұрмыстық заттар жасалды.
Сабақтың мақсаты: СТД-120м токарь станогының құрылғы үлгілерін үйренуге ықпал ету.
Тәрбиелік: Жұмыста ұқыптылық, үнемділік қасиеттерін тәрбиелеу.
Дамытушылық: СТД120м станоктарында жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың өткізу әдісі: сабақ барысында жаңа материалды бекіту арқылы әңгімелесу, мұғалімнің жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысы.
Дайындаған: Джумагатов А.Б.