Аутизм әлемнің барлық аймақтарында кең таралған және бұл бұзылыстың ерекшеліктерін түсінбеу жеке адамдарға, олардың отбасыларына және олар өмір сүретін қауымдастықтарға елеулі теріс салдарларға әкеледі. 2008 жылы Мүгедектердің құқықтары туралы Конвенция күшіне енді, ол баршаға ортақ адам құқықтарының негізгі қағидатын растады. Оның мақсаты – барлық мүгедектердің барлық адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын толық және тең дәрежеде пайдалануына жәрдемдесу, қорғау және қамтамасыз ету және олардың туа біткен қадір-қасиетін құрметтеуге жәрдемдесу. Бұл барлығы үшін инклюзивті және қамқор қоғам құрудың және аутизммен ауыратын балалар мен ересектердің толық және мағыналы өмір сүруіне мүмкіндік беретін тиімді құрал. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы аутизммен ауыратын адамдардың қоғамның толыққанды және мағыналы өмір сүре алатындай, өмір сүру сапасын жақсартуға көмектесу қажеттілігін көрсету үшін бірауыздан 2 сәуір күнін аутизм проблемасы туралы ақпаратты тарату Дүниежүзілік күні деп жариялады. Гуманитарлық цикл ӘБ