Мектептің жұмыс жоспарына сәйкес, 29 наурызда 5-9 сыныптарда
"Абайлаңыз! Жұқа мұз!" тақырыбында сынып сағаты өтті.
Бұл сабақты өткізудің мақсаты көктемгі кезеңде су айдындарында жазатайым оқиғалардың алдын алу, балаларға мұзда қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін үйрету және осындай жағдайларда көмек көрсету болды.
Әңгіме мына сұрақтар бойынша жүргізілді: Көктемгі мұз неге қауіпті?
Көктемгі кезеңде су объектілерінде қауіпсіздік ережелерін сақтамау неге әкеледі ? Адамның мұзда қауіпсіз болу шарттары қандай?
Мұздағы мінез-құлықтың негізгі ережелері қандай? Адамның мұзды суға түсуі қандай қауіпті және бұл жағдайда өзін қалай ұстау керек?
Мұғалімнің әңгімесі презентация слайдтарын көрсетумен қатар жүрді .
Оқушылар қауіпсіздік ережелерімен ғана емес, қиындыққа тап болған адамға көмек көрсету немесе өзіне-өзі көмектесу тәсілдерімен де танысты.
Сабақ қызықты өтті.
Бұл іс-шара оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып өтті. Сынып жетекшілері алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізді.