Ақмола облысы білім басқармасының "Атбасар қаласы, №2 арнайы мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Специальная школа - интернат №2  г.Атбасар"управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Қазақстан – бұл ел аты"

10.12.2019

9 желтоқсанда 2019 жылы "Тәуелсіздік күні" мерекесіне орай "Қазақстан – бұл ел аты" саяхат – ойынын өткізді Бекенова Г.С. мен Байдельдинова Ж.С. Ойынның мақсаты: қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу. Міндеттері: оқушылардың ел тарихына танымдық қызығушылығын дамыту. Қазақстан Республикасында тұратын халықтарға құрмет көрсету. Оқушылардың зияткерлік деңгейін арттыру. 
Іс-шара басында балалар 3 топқа бөлініп, ойынға қатысу үшін командаларға атау беріп, командирді таңдады. Ойын 6 сектордан тұрды. Сектор №1 "Біздің мерекелер" - оқушылар Қазақстанның ұлттық мерекелерінің күндерін атап өтті. Сектор № 2 "Барлығы Қазақстан туралы"; Сектор №3 "Есімдер" - Қазақстанның атақты адамдары туралы білді. Сектор №4 "Жұмбақтар";  Сектор №5 "Қазақстан Символикасы"; №6 Сектор "Табиғат". Оқушылар үлкен қызығушылықпен сұрақтарға жауап берді және ойынға қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша "Достық" командасы жоғары ұпай жинап, І орынға ие болды, ал "Мереке" және "Халық" командалары ІІ орынға ие болды.  Салтанатты жиында жеңімпаздарға тәтті сыйлықтар мен грамоталар марапатталды.

Просмотров: 300


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст