Текст
Бүгін алдымызда отырған кішкентай бүлдіршіндер - ертең еліміздің экономикалық қуатын, мəдени жəне рухани байлығын молайтатын еңбекқор азаматтар.
Сондықтан еліміздің азаматтарын жан-жақты тəрбиелеуге, оқытуға мұғалімнің атқарар еңбегі зор.
Мұғалім оқушылардың оқуды жеңіл жəне мазмұнды қабылдау үшін көптеген əдіс-тəсілдерді қолданады. Соның бірі-сабақта сергіту сəттерін ұйымдастыру болып табылады.
Сергіту жаттығулары бала ағзасындағы физиологиялық процестердің дұрыс жұмыс істеп, бұлшық еттердің жақсы жетілуіне, көңіл-күй, есте сақтау қабілетінің артуына септігін тигізеді. Сондықтан мектебіміздің əр мұғалімі өз сабақтарында сергіту сəттерін ұйымдастырады.
Қазақ тілі мен əдебиетінің мұғалімі: С.Қ. Орумбаева