Ақмола облысы білім басқармасының "Атбасар қаласы, №2 арнайы мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Специальная школа - интернат №2  г.Атбасар"управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Кітап марафоны" - сыныптан тыс оқу сабақтары.

23.11.2022

23 қараша күні  гуманитарлық цикл ӘБ онкүндігінің іс-шаралар жоспарына сәйкес мұғалімдер «Кітап марафоны» атты сыныптан тыс оқу сабақтарын өткізді.
Сыныптан тыс оқу сабақтарының мақсаты – балалардың оқуға деген қызығушылықтарын дамыту, тереңдету, кеңейту, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру.
7-сыныпта оқу және тіл дамыту пәнінен «Кітап марафоны.
 И. А. Крыловтың мысалдары" тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізілді. 
Сабақтың мақсаттары: балалардың И. А. Крыловтың шығармашылығы туралы білімдерін қорытындылау; оқушылардың Крылов мысалдарының өзіндік ерекшелігі туралы түсініктерін кеңейту; шығармашылық белсенділікті қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Іс-шара барысында ақынның өмірбаянына тоқталып, төмендегідей мысалдар оқылды: «Маймыл мен көзілдірік», «Түлкі мен тырна», «Піл мен тышқан», «Қарға мен түлкі», «Аққу, шортан және шаян», «Инелік пен құмырсқа», Маймыл мен айна», «Қасқыр мен қозы», «Квартет», «Емен астындағы шошқа».
Әрі қарай, балалар 
осы мысалдар бойынша суреттер салды. 
Оларға қатысты сұрақтарға жауап берді, өз пікірлерімен бөлісті. Соңында  мысалдар мен иллюстрациялардан балалар кітабын жасады.
8-сыныптарда А. С. Пушкиннің «Салтан патша туралы ертегісі» атты сыныптан тыс оқу сабағы өткізілді. 
Балалар орыстың ұлы ақыны А. С. Пушкиннің шығармашылығымен және қысқаша өмірбаянымен тағы да танысты. Оның «Салтан патша туралы ертегісі» шығармасын оқыды.  Мультфильм көрді, сүйікті ертегі кейіпкерлерінің суретін салды. Ертегінің үзіндісінен қойылым көрсетті.

Гуманитарлық цикл ӘБ

Просмотров: 176


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст