Ақмола облысы білім басқармасының "Атбасар қаласы, №2 арнайы мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Специальная школа - интернат №2  г.Атбасар"управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тақырыбы: «Облыстық конференция»

03.12.2019

Көкшетау қ., 2019 жылғы 29 қараша күні «Арнайы ұйымдар мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушылармен кәсіптік бағдарлау жұмысы мәселелеріндегі бірлескен қызметті туралы» 1-ші аймақаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Бірінші аймақаралық ғылыми – практикалық конференцияны Ақмола облысының білім басқармасы Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі Үйлестіру кеңесімен, облыстық оқу-әдістемелік кабинетімен, Ақмола аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығымен бірлесе отырып ұйымдастырды.

Конференцияның мақсаты ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды кәсіптік бағдарлау мәселелерінде арнайы білім беру ұйымдары мен ТжКБ ұйымдарының бірлескен қызметін талқылау бойынша диалогтық алаң құру болып табылады.

Пленарлық отырыста кіріспе сөзімен- Ибраев Марат Өмірбайұлы бастады. Құттықтау сөзімен Ақмола облысы білім басқармасының орынбасары- Дюсенова Ботакөз Балапайқызы құттықтады. Доклад оқығандар: Савутова Диларам Давутовна, Жумабекова Марина Олжабаевна, т,б. Секция отырыстары Ақмола облысы білім басқармасы «Көкшетау қаласындағы №1 облыстық арнайы мектеп-интернаты» КММ өтті. Модератор Бурдинская Ольга Владимировна, мектеп директоры, педагогика ғылымдарының магистрі. Конференция барасында қатысушыларға сабақ- үзінділері, мастер-класстар, театрлық қойма көрсетілді. Конференция соңында барлығына сертификат берілді.

Мақаланы дайындаған: Жұмағатова Әлия Бегендікқызы інділер көрсе

Просмотров: 333


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст