15 қараша күні мектебімізде 8 сыныптар арасында "Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Мақсаты: оқушыларға қатыгездік, зорлық- зомбылық туралы мәлімет беру, адамның ең жаман қасиеттері екенін айту. Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы. Жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол, саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау.
Балаларға қамқорлық жасау, баланың абыройы мен құқықтарын құрметтеу - бұл тек мемлекеттің ғана емес, сонымен қатар жекелеген әрбір адамның міндеті екенін естен шығармауымыз қажет. Бейбіт ел, ынтымағы жарасқан халық, үлгілі отбасын құру бәрі де адамның өз қолында. Біздің болашағымыз - балалар!
Сынып сағатында оқушылар тақырып бойынша презентация мен видеоролик көрді. Бұл проблема төңірегінде өз ойларымен бөлісті, өз көзқарастарын білдірді, өздерін қалай қорғау керектігін, адам өмірінің қауіпсіздік ережелерін үйренді.
8 сыныптардың сынып жетекшілері: Г. Қ. Қалдыбаева, С. Қ. Орумбаева