Текст
Аутизм дегеніміз не? Мектебімізде мектепшілік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыста ата-аналар төмендегідей сұрақтар бойынша мәлімет алды. Аутизм дегеніміз не? Оның ерекшеліктері қандай? Аутизмнің белгілері қалай пайда болады? Балаларда неге аутизм дамиды? Аутист балалардың мінезі қарапайым балалар мен үлкендерден немен ерекшеленеді? Бүгінгі таңда осы бұзылысты анықтау аса қиынға соқпайды. Балаларына осы диагноз қойылған ата-аналар, бірнеше сұрақтарды талқылады. Неге? Себебі неде? Баланың дамуына не себепші болды, оған кім кінәлі. Әңгіме барысында ата-аналар осындай балаларды оқыту мен тәрбиелеу бойынша өздерінің пікірлерін білдірді. Ата-аналар жиналысын бастауыш сынып мұғалімі Л. В. Токаренко өткізді.