Бүгінгі күнде өлкетану жұмысы оқу-тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі болып табылады, өйткені тарихи шындықты қалыпқа келтіру, туған өлке мұрағатын толықтыру, жәдігерлер жинау, мұражайлар жасау және ең бастысы — өскелең ұрпақта патриоттық сезімдерін тәрбиелеуге ат салысады. Бүгін мектебіміздің 7 б, 7 в, 9 сынып оқушылары гуманитарлық пәндер онкүндігі аясында Атбасар тарихи-өлкетану мұражайына шолу экскурсиясымен барды. Балалар үшін әртүрлі жәдігерлерге толы мұражайдың залдары бойынша қызықты, әрі танымдық экскурсия өткізілді. Балалар үлкен қызығушылықпен мұражай қызметкерлерін тыңдады, әртүрлі тарихи жәдігерлерді көрді, сұрақтар қойды. Экскурсияның соңында балалар мұражай қызметкерлеріне алғыстарын білдірді. Балалар мұражайға барудан көптеген әсер алды. Мұражай балаларға өте ұнады.Гуманитарлық пәндер ӘБ