Текст
1 наурыз күні мектебімізде "8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні" тақырыбында сынып сағаты өтті.
Мақсаты: мерекенің шығу тарихымен таныстыру; шығармашылық қабілеттерін дамыту; балалар арасында достық қарым-қатынасты нығайту; мейірімді эмоциялық-психологиялық атмосфераны қалыптастыру.
Сынып сағаты "Біздің қыздар" байқауы түрінде өтті. Байқау бес кезеңнен тұрды: "Ең-ең", "Бике", "Ақылды қыз", "Сән үлгісін көрсету". Байқау қатысушыларын ұлдар бағалады.
Ұлдар қыздарға өлең түрінде құттықтаулар және шағын сыйлықтар әзірледі. Дайындаған: 6, 7 б сыныптарының сынып жетекшілері: Қалдыбаева Г. Қ., Орумбаева С. К