Текст
Бүгін мектебіміздің 6, 7 б сыныптарында Қазақстанның Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай, "16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні" тақырыбында сынып сағаты өтті.
Мақсаты: "Тәуелсіздік" ұғымы туралы түсінік беру; оқушыларға Тәуелсіздіктің кімдердің қанымен, қандай ауыртпалықпен келгендігі жайлы айтып, ұлттық сезім, ұлттық мақтаныш, ұлттық сана, ұлттық парызды әрбір баласының бойына дарыту.
Оқушыларды туған жерін, елін, Отанын сүюге патриоттық тәрбие беру.
Сабақ барысында оқушылар Отан туралы өлеңдер оқыды, мақал-мәтелдерді айтты. Викториналық сұрақтарға жауап берді, Қазақстан туралы бейне ролик көрді.
Сынып жетекшілері:
С. Қ. Орумбаева, Г. Қ. Қалдыбаева