Ақмола облысы білім басқармасының "Атбасар қаласы, №2 арнайы мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Специальная школа - интернат №2  г.Атбасар"управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

14.11.2018

Сергіту сәттері жайлы ...

Оқушылардың оқуды өте жеңіл және мазмұнды қабылдаудың көптеген әдістері бар. Соның бірі - сергіту сәттерін ұйымдастыру болып табылады.  Ұзақ уақыт жұмыс істеп немесе жазу жазған жағдайда оқушы тез шаршау салдарынан жұмыс қабілеті төмендейді. Сонымен қатар бұлшық ет шаршауы күшейеді, дене бітімі қисаяды, бас кеудеге түсіп, иық бүгіліп арқа бүкірейеді.Ұзақ отырып жұмыс жасап, жазу жазып немесе ұйқыдан тұрғанда тұлға өзгерістері пайда болады, қан айналу жұмысы нашарлайды, соның салдарынан ағзаның басқа да қызметі төмендейді. Баланың

денсаулығы үлкен өзгерістерге тап болады. 

Оны болдырмау – белсенді демалыс, ой жұмысын дене жаттығуларымен ұштастыру арқылы іске асырылады. Осы  орайда,  көптеген мұғалімдер  әр түрлі сергіту сәттерін жиі ұйымдастырып отырады. Сергіту сәттері көбінесе бастауыш пен  орта буындағы сыныптарда өткізіледі. Сергіту сәттерін оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып өткізу керек және олар оқушыларға қызықты, жалықтырып жібермейтіндей болу керек. Сергіту сәтінде оқушылардың көңіл күйі көтеріліп, сабаққа деген ынтасы арта бастайды. Мен өз сабақтарымда әр түрлі сергіту

сәттерін  жиі өткізіп тұрамын. Балалардың көңіл-күйін көтеріп тұру - физиологиялық дамуына, денсаулығына пайдалы және оқу мотивациясын дамытады.

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі: Орумбаева С.Қ.

Просмотров: 537


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст