Текст
30 қараша күні мектебімізде 6 б және 7 б сыныптарда "1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті Күні" атты сынып сағаты өтті.
Мақсаты: «1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні» мерекесінің мәнін ашу, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып өскен, оқып, білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру; Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу; оқушылардың бойында Елбасына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін қалыптастыру.
Оқушылар Н. Ә. Назарбаев туралы деректі фильм көрді, "Менің Отаным - Қазақстан" атты викторина сұрақтарына жауап берді, ҚР Тұңғыш Президентіне өздерінің жылы тілектерін жазды.Сынып жетекшілері: Қалдыбаева Г. Қ., Орумбаева С. Қ.