7 қыркүйек күні, мектебімізде 6 мен 9 сыныптарда "Тіл достығы - халықтар достығы" атты сынып сағаты өтті.
Мақсаты:
оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру; оқушылардың Қазақстан халқының тілдеріне деген қызығушылықтарын арттыру.
Іс - шара барысында оқушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сөйледі, Отан, Қазақстан халқы, туған тіл туралы өлеңдер оқыды. Сол сияқты, оқушылар өздерінің тілдерді білуі туралы білімдерін көрсетті, сұрақтарға жауап берді, Қазақстан халқының тілдерінің сан алуандығы, халықтар достығы туралы бейнематериалдар көрді. Дайындаған: 6 мен 9 сыныптардың сынып жетекшілері.