5 қыркүйекте Қазақстан халқы Қазақстан халықтарының тілдері Күнін атап өтеді. Біздің мектепте 7 қыркүйектен бастап Қазақстан Халықтарының Тілдері күніне арналған апта басталды. Әр түрлі халықтардың тілдеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелейтін іс-шаралар жоспарланған, өйткені өз еліне деген шынайы махаббат өз тіліне деген сүйіспеншіліксіз мүмкін емес.
Қазақстан халықтарының Тілдер апталығы салтанатты жалпымектептік линейкадан және ҚР Әнұранын орындаудан басталды. Жүргізушілер барлық қатысушыларды мерекемен шын жүректен құттықтады. Олар біздің республика аумағында дамып келе жатқан және әрекет ететін тілдер туралы айтып берді. Тіл-бұл жаңа әлемге терезе, бұл достықтың делдалы. Ана тілі-халықтың рухани өмірінің кілті, мәдениет, өнер деңгейінің көрсеткіші, және ол біздің тамырымызды сақтайтынын ұмытпауымыз керек. Жиында мектептің 6,7 сынып оқушылары қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өлеңдер оқыды.
Өткізген:
Д. Б. Құрманғожина,
Г. Қ. Қалдыбаева,
С.Қ. Орумбаева.