«Телефонсыз күн» флешмобы.

15.09.2026

           13 қыркүйек күні тәрбиеленушілер арасында «Телефонсыз күн» флешмобы ұйымдастырылды. Флешмобтың негізгі мақсаты – балалардың гаджеттерден уақытша бас тартып, бос уақыттарын пайдалы әрі қызықты өткізуіне жағдай жасау, өзара қарым-қатынас пен бірлескен іс-әрекетті дамыту.
Іс-шара барысында балалар екі сағат бойы ұялы телефондарды пайдаланбай, үстел үсті ойындарына, қимылды және дамытушы ойындарға қатысты. Балалар бір-бірімен еркін араласып, бірге ойнап, көңілді уақыт өткізді. Әртүрлі ойындар арқылы тәрбиеленушілер өзара көмек көрсету, кезек күту, ережені сақтау және топпен әрекет ету дағдыларын көрсетті.
Флешмоб балаларға гаджеттерсіз де уақытты қызықты әрі мазмұнды өткізуге болатынын түсінуге мүмкіндік берді. Іс-шара көтеріңкі көңіл-күйде, достық және жылы атмосферада өтті.
Өткізгендер: Абикова Л.Е., Рейн Л.Н., Таргын Г.И.

Просмотров: 319


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу