"Тіл білгірі" командалық ойын.

12.09.2026

      Біздің мектепте Қазақстан халқының тілдері күнін мерекелеуге арналған «Тіл білгірі — Знатоки языков» атты командалық ойын өтті. Бұл жарқын әрі танымдық шараға 7-10 сынып оқушылары қатысып, интеллектуалды сайыста бақ сынасты.
Ойынның басты мақсаты — тілдерді үйренуге деген қызығушылықты арттыру, тілдік әрі мәдени әртүрлілікке құрметпен қарауға тәрбиелеу, сондай-ақ оқушылар арасындағы достықты, бірлікті және командалық рухты нығайту.
Іс-шараның бағдарламасы өте мазмұнды, әрі тартысты болды:
оқушылар қазақ, орыс және шетел тілдерін меңгеру деңгейі бойынша тапсырмаларды зор ынтамен орындап, тілдік жұмбақтарды шешті және жазбаша тапсырмаларды орындады; сонымен қатар әлемнің түрлі елдерінің туларымен және сәлемдесу салтымен танысты. Жоғары сынып оқушылары сайыстың әр кезеңінде ұйымшылдық пен тапқырлық танытты.
Іс-шара «Тіл — достықтың дәнекері» ұранымен өтті. Осындай ойындар оқушылардың өрісін кеңейтіп қана қоймай, оларды оқудағы жаңа жетістіктерге де жігерлендіреді.

Просмотров: 358


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу