«Біз тату отбасымыз» квест-ойыны

08.09.2026

8 қыркүйек күні мектебімізде Отбасы күніне арналған «Біз тату отбасымыз» атты сыныптан тыс іс-шара – квест-ойыны өткізілді.

Іс-шара таза ауада көңілді әрі достық жағдайда өтті. Балалар қызығушылықпен бекеттер бойынша саяхат жасап, оларда отбасы туралы қызықты тапсырмаларды орындады.

Балалар отбасы және туған-туыстар туралы жұмбақтар шешіп, отбасы мүшелерін атады, отбасылық дәстүрлерді еске түсірді, сұрақтарға жауап берді, ұйымшылдық пен өзара көмекке арналған тапсырмаларды орындады, сондай-ақ сергіту сәттері мен қимылды ойындарға қатысты.

Квест барысында балалар отбасы – бұл сүйіспеншілік, қамқорлық, қолдау, достық және өзара түсіністік екенін түсінді. Балалар жақындарын бағалауға, бір-біріне көмектесуге және тату команда болып жұмыс істеуге үйренді.

Іс-шара балаларға көп қуаныш, жағымды эмоциялар мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады! 

Өткізген: Құрманова Ж.О.

Просмотров: 395


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу