Бастауыш сыныптарда тәрбие сағаты өтті.

01.09.2026

         Бүгін бастауыш сыныптарда әрбір азамат үшін маңызды тақырыптарға арналған тәрбие сағаты өтті.
Сабақ барысында оқушылар Қазақстан Республикасының Конституциясымен танысып, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, мемлекеттік рәміздердің маңызы және Отанды құрметтеу туралы әңгімелесті. Балаларға түсінікті әрі қызықты түрде еліміздің заңдарын білу және сақтау қажеттілігі талқыланды.
Сонымен қатар «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасына ерекше көңіл бөлінді. Оқушылар қоршаған ортаның тазалығы, табиғатты қорғау және туған жердің көркейіп, таза болуына әр адамның қосатын үлесі туралы өз ойларын ортаға салды.
Тәрбие сағаты қызықты әрі танымды өтті. Оқушылар белсенді қатысып, сұрақтарға жауап беріп, өз ойларымен бөлісті.
Бала кезден бастап туған елге, табиғатқа және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастырайық!

Просмотров: 280


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу