Пән мұғалімдері, әлеуметтік бейімдеу және еңбекпен оңалту ӘБ-нің отырысы.

28.08.2026

         2026 жылғы 27 тамызда пән мұғалімдері, әлеуметтік бейімдеу және еңбекпен оңалту әдістемелік бірлестігінің «2026–2027 оқу жылына арналған жұмысты жоспарлау, міндеттер мен басым бағыттар» тақырыбында отырысы өтті.
Кездесу барысында педагогтер өткен оқу жылын қорытындылап, жаңа 2026–2027 оқу жылына арналған дамудың негізгі векторларын айқындады. Қатысушылар білім сапасын арттыру және әрбір педагогтің кәсіби өсуі үшін сауатты жоспарлаудың маңыздылығын атап өтті. Жаңа оқу жылында жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын оқу процесіне интеграциялауға, «Адал азамат» тәрбие концепциясын жүзеге асыруға, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға және цифрлық білім беру ресурстарын тиімді пайдалануға ерекше көңіл бөлінеді.
Отырыстың негізгі мәселелері:
2025–2026 оқу жылындағы ӘБ жұмысы мен білім беру нәтижелеріне талдау жасау;
ӘБ-нің 2026–2027 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын бекіту;
Оқыту мен сабаққа дайындық барысына жасанды интеллект құралдарын еңгізу;
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын сабақта және сабақтан тыс қызметте жүзеге асыру;
Білім беру мазмұнын жаңарту бойынша әдістемелік ұсынымдар;
Педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуы мен өз білімін көтеруі.
Кездесу соңында қатысушылар инновациялар мен өнегелі тәрбиені ұштастыратын заманауи, технологиялық әрі үйлесімді білім беру ортасын құру алдағы жылдың басты міндеті болады деген шешімді бірауыздан қабылдады.

Просмотров: 253


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу