«Қазақшаңыз қалай?» сайыс сабағы
«Атбасар қаласындағы № 2 облыстық арнайы түзету мектеп – интернаты» КММ-нде 2017 жылдың 29 қараша күні қазақ тілінен мұғалімдер арасында «Қазақшаңыз қалай?» атты сайыс сабағы өткізілді. «Қос тіл — қос қанатың» деп ұлы Абай айтқандай, біздің елімізде қос тілді білу — өмір талабы. Тіл туралы сөз қозғалғанда, бұл мәселенің ішінен басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқытуды жеке бөліп алмаса болмайды. Өйткені, қазіргі таңдағы көп жұмыс істелініп, жан-жақты қарастырылып отырған проблема – өзге тілді аудиториясына қазақ тілін оқыту. Біздің мақсатымыз өзге ұлт өкілдерін қазақ қылып шығару емес, оларға мемлекеттік тілді түсініп, әдет-ғұрпымызды сыйлап, алған білімдерін іс-жүзінде іске асыра білуге тәрбиелеу.
МАҚСАТЫ
«Тіл туралы» Заңды жүзеге асыру;
Қазақ тілінің қажеттілігін түсіндіру;
Мемлекеттік тілде қарым-қатынас жасауға және қазақ тілінде сөйлеуге дағдыландыру;
Сөздік қорды молайту және қазақша сауатты жаза білуге үйрету;
Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге үйрету;
Қазақ тілінен алған білімдерін саралау.
Мұғалімдер екі топқа бөлініп, сайысқа түсті. Сайыс сабағы төмендегідей кезеңдерден тұрды.
Сайыс кезеңдері:
1. «Таныстыру» сайысы.
2. «Кім жылдам?» сайысы.
3. «Дода» сайысы.
4. «Мәнерлеп оқу» сайысы. «Менің Президентім», «Тәуелсіз Қазақстан» мәтіндері бойынша жұмыс.
5 . «Сөз мәйегі-мақал» сайысы.
6. «Кім тапқыр?» сайысы.
7. «Әріптер сайысы». Қазақ тіліне тән әріптерімен сөздерді айту.
8. «Өнерпаз болсаң…»- үй жұмысы.
Сабаққа жас ерекшеліктері әркелкі мұғалімдер қатысты. Олар қазақ тілі сабағына деген жауапкершілікпен қарап, зор қызығушылық танытты. Қазақ
тілінен алған білімдерін сайыс сабағында көрсете білді. Сайыс мұғалімдердің үй жұмысы болып дайындаған тіл туралы өлеңдерді айтумен, қазақша
би орындаумен аяқталды.
Тіл - әр ұлттың қайталанбас байлығы.
Тіл бар жерде ұятта, ел де, жер де болмақ.
Тілден артық қазына, тілден артық қасиет жоқ екеніне көздері жетті.
Қазақ тілінің мұғалімі Орумбаева С.Қ.