Текст
01.05.2026
«Таза Қазақстан» акциясы аясында мектебімізде сенбілік өтті. Бастауыш сынып оқушылары мен олардың мұғалімдері сенбілікке белсене қатысты, қоқыстарды жинап, мектеп алаңын ретке келтірді. Оқушылар жауапкершілік, еңбекқорлық, қоршаған ортаға деген қамқорлық танытты.
Мұндай іс-шаралар балалардың табиғатқа деген ұқыпты көзқарасын қалыптастыруға және қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеуге көмектеседі.