Ақмола облысы білім басқармасының "Атбасар қаласы, №2 арнайы мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Специальная школа - интернат №2  г.Атбасар"управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Құймақ дайындау»

25.04.2026

8 «А» сыныбында «Құймақ дайындау» тақырыбында әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау сабағы өткізілді.
Сабақ барысында оқушылар құймақ дайындаудың бірнеше рецептімен танысып, дайындау ретін, сондай-ақ ас үйде қауіпсіздік ережелерін меңгерді.
Сабақтың практикалық бөліміне ерекше көңіл бөлінді: оқушылар алған білімдерін іс жүзінде қолдана отырып, құймақтарды өздері дайындады.
Осындай сабақтар білім алушылардың өмірде қажетті дағдыларын қалыптастыруға, дербестігін дамытуға және тұрмыстық іс-әрекетке қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.
Сабақты әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау пәнінің мұғалімдері Курмангожина Д. Б., Орумбаева С. К. өткізді.

Просмотров: 216


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст