Текст
06.04.2026
2026 жылғы 6 сәуір күні 1 «А» және 1 «Б» сыныптарында «Менің Отаным — менің Қазақстаным» тақырыбында ашық сыныптан тыс іс-шара өтті.
Іс-шара барысында оқушылар Отан, мемлекеттік рәміздер, туған қала және мектеп туралы білімдерін бекітті. Балалар қызығушылықпен пазлдар құрастырып, өлеңдер оқып, тапсырмаларға белсенді қатысты.
Іс-шара оқушылардың бойында патриоттық сезім мен өз еліне деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға ықпал етті.
Тәрбиеші: Тарғын Г.И.