13.02.2026
Мектебімізде «Дүниетану» пәні бойынша «Жануарлар әлемі: аңдар, құстар, балықтар, жәндіктер» тақырыбында қызықты әрі танымдық сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты – оқушыға жануарлар дүниесінің түрлері туралы түсінік беру, олардың дене құрылысының ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету және табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сабақ барысында оқушы аңдар, құстар, балықтар және жәндіктердің тіршілік ету ортасы, қоректенуі, дене жамылғысы мен қозғалу тәсілдері туралы мәлімет алды. Көрнекілік ретінде суреттер, тақырыптық карточкалар және дидактикалық материалдар қолданылды.
Оқушы жануарларды топтастыру тапсырмаларын орындап, әр топтың ерекшеліктерін салыстырды. Карточкалар арқылы «Қайда мекендейді?», «Денесі немен қапталған?», «Қалай қозғалады?» деген сұрақтарға жауап беріп, білімдерін бекітті.
Сабақтың сергіту сәтінде оқушы жануарлардың қимылдарын салып, белсенділік танытты. Бұл оның қызығушылығын арттырып, сабаққа деген ынтасын күшейтті.
Сабақ соңында рефлексия жүргізіліп, оқушы өз ойын білдірді. Нурислам жануарлар әлемі туралы жаңа мағлұматтар алғандарын айтып, табиғатты қорғау қажеттігін түсінгендерін жеткізді.
Осындай мазмұнды сабақтар арқылы оқушы дүниетанымы кеңейіп, қоршаған ортаға деген жауапкершілігі қалыптасады.
Мұғалім: Сагындыкова М.Ш.