13.11.2025
Мектепте 8 және 10-сынып оқушылары арасында «Ғасыр қазынасы- теңге» тақырыбында танымдық викторина-байқау өткізілді.
Іс-шараның мақсаты — оқушылардың ұлттық валюта туралы, оның тарихы, маңызы мен ел экономикасындағы рөлі жөніндегі білімдерін кеңейту, сондай-ақ танымдық қызығушылықтары мен отансүйгіштік сезімдерін дамыту.
Викторина екі команда арасында сайыс түрінде өтті. Қатысушылар белсенділік, зейін және білімділік танытты. Сұрақтар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың мүмкіндіктеріне бейімделіп, ойын элементтерін, көрнекі материалдар мен логикалық тапсырмаларды қамтыды.
Оқушылар сұрақтарға үлкен қызығушылықпен жауап беріп, талқылауға қатысып, тақырып бойынша жақсы білімдерін және топпен жұмыс істей алу қабілеттерін көрсетті. Іс-шара достық және жылы атмосферада өтті.
Байқау қорытындысы бойынша 10-сынып командасы жеңіске жетті. 8-сынып командасы да жақсы нәтиже көрсетіп, табандылық танытты.
Осындай іс-шараларды өткізу оқушылардың Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығын арттырып, есте сақтау, зейін және қарым-қатынас дағдыларын дамытуға ықпал етеді.
Пән мұғалімдері: Джумагатова А.Б., Әлібеков Г.К.
Өткізу күні: 13.11.2025