03.11.2025
Бүгін біздің мектепте 5–10 сынып оқушыларына арналған «Заң және менің құқықтарым» тақырыбында интерактивті сабақ өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, жауапкершілікке тәрбиелеу және Қазақстан Республикасының заңдарына құрмет сезімін қалыптастыру.
Сабақ барысында оқушылар өздерінің негізгі құқықтары мен міндеттері туралы білді, түрлі өмірлік жағдайларды талдап, дұрыс шешім қабылдауды үйренді. Оқушылар топпен жұмыс жасап, пікір алмасып, әртүрлі жағдаяттардан шығу жолдарын ұсынды.
Мұндай сабақтар әрбір оқушыға заңды білудің маңызын түсінуге, өз құқықтарын қорғауға, жауапты азамат болуға және өзгелердің құқықтарын құрметтеуге мүмкіндік береді.
Сабақ достық атмосферада өтті, оқушылар белсенділік танытып, қызығушылықпен қатысты. Сабақ соңында көптеген оқушылар заңдарды білу және ережелерді сақтау қаншалықты маңызды екенін атап өтті.