«Мен асханада».

23.09.2025

             Бүгін 1"А", "Б" сыныптарда «Мен асханада» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Сабақтың мақсаты – оқушыларға мектеп асханасындағы тәртіп ережелерін үйрету және аспаздардың еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Оқушылар асханада қалай жүру керек, қол жуу маңыздылығы, үстел басында өзіңді қалай ұстау керектігі туралы әңгімелесті. «Болады – болмайды» ойыны арқылы негізгі ережелерді бекітті.

Шара қызықты әрі тәрбиелік мәні зор өтті. Мұндай сабақтар оқушылардың әдептілік, ұқыптылық және мәдениеттілік дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі.
Өткізген: Тарғын Г.И.

Просмотров: 246


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу