Бүгін біздің мектеп-интернатта жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өтті. Тақырыбы:
«Оқушылардың денсаулығын сақтау – білім беру үдерісін жаңғыртудың басты шарты».
Оқу ісі жөніндегі орынбасар Досымбекова Галия Абеновна оқу үдерісін ұйымдастыру туралы баяндама жасап, балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі негізгі бағыттарды атап өтті.
Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкері Габдулин Алишер ата-аналарға «Қауіпті жағдайлардың алдын алу үшін ата-аналық бақылауды күшейту» тақырыбында мазмұнды дәріс оқыды. Өз сөзінде ол ата-ананың балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлін ерекше атап өтіп, үйде, көшеде және интернет кеңістігінде қауіпсіздікті сақтаудың маңыздылығына тоқталды.
Педиатр-дәрігер Абдрахманова Алия Жусуповна «Ерте жүктілік және кәмелетке толмағандардың жыныстық қолсұқпаушылығы» тақырыбында баяндама жасады.
Педагог-психолог Штефан Оксана Руслановна «Балалардың аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алу» туралы сөз сөйледі.
Әлеуметтік педагог Крапивко Анастасия Сергеевна «Ата-аналардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі», сондай-ақ «Балалар арасындағы буллинг және кибербуллинг» тақырыптарын көтерді.
Мұндай кездесулер ата-аналар, педагогтар мен мамандардың күш-жігерін біріктіріп, балалардың денсаулығы, қауіпсіздігі және жарқын болашағы үшін маңызды үлес қосады.
Барлық ата-аналарға белсенді қатысқандары үшін алғыс айтамыз.