Бүгін біздің мектептің бастауыш сыныптарында маңызды мереке — Қазақстан Халықтарының Бірлігі күніне арналған сынып сағаты өтті. Оқушылар елімізде тұратын халықтардың мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен танысты. Жылы және достық атмосферада балалар өлең оқыды, танымдық бейнероликтер көрді, викториналар мен шығармашылық тапсырмаларға қатысты.
Балалар түрлі этностардың ұлттық киімдері, тағамдары мен мерекелері туралы қызығушылықпен айтып берді. Достық, құрмет, төзімділік және өзара көмек сияқты құндылықтарға ерекше назар аударылды. Мерекелік іс-шара "еліміздегі бейбітшілік пен келісім"тақырыбындағы ұжымдық суретпен аяқталды.
Сынып сағаты оқушылардың бойында отансүйгіштік пен өз Отаны — көпұлтты Қазақстанға деген мақтаныш сезімін тәрбиелеудегі маңызды қадам болды.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің Мо.