28.02.2025
26 ақпан күні 4-сыныптарда «Көктем келді – көктемге жол аш!» дидактикалық ойыны тақырыбында сыныптан тыс ашық сабақ өтті.
Сабақтың мақсаты: Балалардың табиғатқа деген қызығушылығын және жыл мезгіліне деген көзқарасын қалыптастыруға ықпал ету. Шара барысында балалар көктемнің белгілерін еске түсіріп, құстардың қоныс аударуы, қысқы ұйқыға кеткеннен кейін жануарлардың оянуы, сонымен қатар өсімдіктер тіршілігінде болатын өзгерістер туралы мағлұмат алды. Көктемнің келуіне байланысты халықтық дәстүрлерге және жылдың әр мезгілінде табиғаттың адам өміріне қалай әсер ететініне ерекше назар аударылды.
Тәрбиеші: Тарғын Г.И.