Ақмола облысы білім басқармасының "Атбасар қаласы, №2 арнайы мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Специальная школа - интернат №2  г.Атбасар"управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Мамандықтар".

29.01.2025

        29 қаңтар күні, пән мұғалімдері ӘБ-нің онкүндігі аясында 5 "А" сыныбында қазақ тілінен "Мамандықтар" тақырыбында ашық сабақ өтті. 
Мақсаты: оқушылардың мамандық түрлері туралы білімдерін кеңейту, толықтыру, мамандықтарға деген қызығушылықтарын арттыру; сурет бойынша әңгіме құрастыруға, жұмбақ шешуге, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту; үлкендердің еңбегін бағалап, құрметтеуге тәрбиелеу; еңбек етуге баулу. 
Сабақ барысында оқушылар әртүрлі топтық, жұптық және жеке тапсырмаларды орындады. Мәтін бойынша жұмыс жасады, сұрақтарға жауап берді, тірек сөздер мен суреттерді қолданып, әңгіме құрастырды. "Мен өскенде кім боламын?" сұрағына жауап беріп, өздерінің ой-қиялдарымен, армандарымен бөлісті, тақырып бойынша ойын ойнады. Оқушылар сабаққа белсенді қатысып, жақсы нәтиже көрсетті. Сабақ мақсатына жетті, қызық және жоғарғы деңгейде өтті. Орумбаева С.К.

Просмотров: 191


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст