Бүгін, 20 қаңтар күні пән мұғалімдерінің онкүндігінің салтанатты ашылуы өтті. Мектеп оқушылары жалпы мектептік жиынға жиналды, онда әр пәнге арналған өлеңдер оқылды. Әр пәннің маңыздылығы мен ерекшелігі атап өтілді.
Пән мұғалімдері онкүндіктің басталуын көңілді және өте қызықты түрде жариялап, әріптестер мен балаларды көптеген қызықты, танымдық және сиқырлы тапсырмалар күтіп тұрған саяхатқа шақырды.
Екі апта бойы оқушылар түрлі ойындарға, викториналарға, байқаулар мен жарыстарға қатысады. Әркім өз білімін көрсетуге және сүйікті пәні бойынша үздік болуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, қызықты ашық сабақтар мен көңілді сыныптан тыс іс-шаралары өтеді. Пән мұғалімдерінің онкүндігі шеңберінде көрме жасалды, онда оқушыларға арналған түрлі танымдық ақпараттар, сонымен қатар қызықты басқатырғыштар, ойындар, жұмбақтар, сөзжұмбақтар ұсынылды.
Баршаңызға тапқырлық пен үлкен жеңістер тілейміз!
Пән мұғалімдерінің ӘБ